ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Елбасы бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды, деп жазады 24.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.   Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Пікір: 0
Пікір қосу