Елдос – күміс, Галбадрах қола алды

0
91

Дзюдодан Франция елінің астанасы Парижде өтіп жатқан “Үлкен дулыға” турнирінде қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жүлделі орыннан көрінді.

2016 жылғы Рио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде салған спортшылар барын салды. Елдос Сметов (-60 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Давид Агоглианы жеңді. Одан кейін грузин Джаба Папинашвилиді жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда чех Давид Пулкрабектен басым болды.

Жартылай финалда Елдос моңғол Дашдава Амуртувшинді жеңді. Алайда финалда жапон балуаны Такато Ноахисаға есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.

Ал 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Галбадрах Отгонцэцэг жұбаныш финалында моңғол Ганбаатар Наранцэцэгті жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.

Ертең жарыстың екінші күніндегі белдесулер өтеді.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here