Қазақстанда 236 адам суға кетті

0 0

Шомылу маусымы басталған сәттен бері елімізде 236 адам суға кетті, оның ішінде 81 бала бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен аптада 24 адам суға батса, оның алтауы балалар болған.

«Адамдар ажалының негізгі себебі шомылуға арналмаған жерде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде шомылу болып отыр. Әсіресе, адамдардың өзіне тым сенімді болуынан, өз мүмкіндігін бағамдай алмауы мен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан қайғылы оқиғалар болады», — делінген ТЖ комитетінің мәлімдемесінде.

ҚР ІІМ ТЖ комиетті азаматтарды су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Мас күйде суға түсуге, қайықтан, катерден, айлақтан секіруге, тексерілмеген орындарға сүңгуге, белгіленген сызықтан асуға және балаларды ересектер қарауынсыз шомылдыруға болмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.