Елорда базарында 30 дүңгіршек жанып кетті

0 3

Елордадағы «Big Шанхай» базарында 30 дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті,- деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының »101« пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан «Big Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта «Ярмарка» азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды», — деді ресми өкіл.

Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды», — деп толықтырды Нұрсұлтан Нұрахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.