Құрбан шалудың талаптары қандай

0 1

Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталатын Құрбай айт та жақындап келеді. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбандық шалу барысында орындалуы тиіс талаптарды атады,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

  1. «Бұл күні Меккеге барған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі – құрбандық шалады», — делінген басқарманың сайтында жарияланған ақпаратта.

Құрбандық шалатын адамға қойылатын талаптар:

  • — ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы;
  • — тұрғылықты мекенде болғаны, яғни, сапарда болмағаны абзал;
  • — нисап мөлшерінда артық дәулеті бар адам болуы.

«Бірақ, бұл жағдайы төмен адам құрбан шалмасын деген сөз емес. Ондай құрбандық нәпіл құрбан үкіміне жатады», — делінген басқарманың мәліметінде.

Құрбанға қандай мал шалынуы тиіс?

  • — бес жасар түйені 7 адам бірігіп немесе бір адам шала алады.
  • — екі жасар сиыр малын 7 адам бірігіп немесе 1 адам шалуына болады.
  • — бір жасар қойды 1 адам шалады.

«Құрбан малын ниетті адамның өзі шалса, сауабы әлдеқайда көп деп саналады. Алайда, басқа адамға өкілдік беруге де болады. Ол үшін телефон арқылы немесе хат-хабар арқылы шараны біреуге нақты уақытын айтып тапсыру қажет. Өкілдікті қабылдаған адам құрбандық шартын ниетті адамның айтуы бойынша атқарады», — дейді дін өкілдері.

Құрбан шалу тәртібі қандай?

  • — пышақ малдың көзінің алдында қайралмауы керек;
  • — малды сол жамбасына жығып, кеудесімен құбылаға қарату қажет;
  • — құрбан шалуға ниет ету (өз атынан немесе өзгенің атынан);
  • — бауыздар алдында «Бисмиллә, Аллаһу әкбар!» деп айту;
  • — малдың өңешін, кеңірдекті және мойынның екі жағындағы тамырды бір мезетте кесу;
  • — малдың қаны толық ағып, жаны шыққанша күту қажет.

Құрбандыққа қандай мал шалынбайды?

  • — малдың бір немесе екі көзі бірдей соқыр болса;
  • — құрбан шалу орнына өз бетімен жете алмайтындай ақсақ болса;
  • — тістерінің көбі жоқ болса;
  • — мүйіздері сынған немесе бір сыңары түбіне дейін жоқ болса;
  • — бір немесе екі мүйізі түбіне дейін кесілген болса;
  • — құйрығының жартысы немесе одан көп бөлігі жоқ болса;
  • — мал тым әлсіреген күйде болса;
  • — туғаннан құлағы немесе құйырығы болмаса;
  • — лас қалдықпен тамақтанып жүрген мал жарамсыз.

Қандай кемшілігі бар мал құрбандыққа жарамды?

  • — көруі нашар;
  • — бір аяғы ақсақ болса да, жүре алатын болса;
  • — мүйізінің бөлшегі сынық болса немесе туғаннан тоқал болса;
  • — санаулы тісі жоқ болса;
  • — құйрығының немесе құлағының кішкене бөлігі жоқ болса;
  • — құлағы тесілген болса;
  • — қышыма;
  • — пішілген болса құрбандыққа шалуға болады.

Құрбанға шалынған малдың етін қалай үлестіру қажет

— еттің 3/1 бөлігін өзінің отбасына, бала-шағасына

— 3/1 бөлігі туған-туыстары мен көршілеріне

— 3/1 бөлігін кедей және мұқтаж жандарға үлестіру абзал.

Дін мамандары құрбанға шалынған малдың терісі қасапшыға қызмет ақысы ретінде берілмейтінін ескертеді. Оны сатып, ақшасын садақа ету қажет.

Құрбан шалудың тыйымдары қандай

— шалынған малдың терісі мен қалған еті, басы мен басқа да бөлшектері сатылмауы тиіс

— малдың көзінше пышақ қайрауға болмайды

— соятын малға қатыгездік танытуға болмайды

— өтпейтін пышақпен бауыздауға тыйым салынады.

Еске салайық, биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамыз – жексенбі күні басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.