Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін АрМи-2019 ойындардағы жетістігімен құттықтады

0 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әскери ойындарда жақсы өнер көрсеткені Қазақстанның Қарулы күштердін құттықтады, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «ҚазАқпарат» қа сілтеме жасап.

«Халықаралық әскери ойындарда жақсы өнер көрсеткені үшін Қазақстанның Қарулы күштерін құттықтаймын. Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Биыл Халықаралық армия ойындары 10 елдің 21 полигонында, Каспий, Балтық теңіздерінің акваториясында және Парсы бұғазында өтті. Ойындарға 39 мемлекет қатысты. Ойынның бағдарламасына 32 сайыс енгізілген. Оның 16-сында қазақстандық әскери қызметшілер бақ сынады.

7-15 тамыз аралығында Жамбыл облысының «Отар» 40-шы әскери базасында бірқатар сайыс тұрі бойынша Армия халықаралық ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 13 елі қатысқан додада Қазақстан жеңімпаз атанды.

Бүгін Ресейдің Мәскеу облысында «Алабино» полигоны аумағындағы «Патриот» саябағында V Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Онда жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Жарыс қорытындысымен Қазақстанның Қарулы күштері үшінші орынға тұрақтады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.