Қазақстанда бензин мен дизель отыны өндірісі артты

0 0

Қазақстанда жыл ішінде бензин өндірісінің көлемі — 13, ал дизель отыны — 9 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EnergyProm-ға сілтеме жасап.

Жыл ішінде бензиннің орташа бөлшек саудадағы бағасы 47 пайызға төмендеді. Атап айтанда, ең өтімді АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі жанармай құю стансаларында 5,4 пайызға арзандап, 146,7 теңге дейін төмендеді. АИ-95 және АИ-96 маркалы бензиндер 3,7 пайызға арзандап, 1 литрі 169,4 теңге болды. Ал дизель отыны керісінше қымбаттады. Мәселен, жазғы дизельдің 1 литрі 0,9 пайызға көтеріліп, 193,1 теңгеге жетіп отыр. Қысқы дизель болса 2018 жылдың сәуірі мен 2019 жылдың сәуірі аралығында 23 пайызға қымбаттап, литрі 259,3 теңгеден асып кетті.

Осы жылы бензин, сонымен қатар авиациялық керосин мен дизель отынының өндірісі де арта түсті. 2019 жылдың қаңтар-тамызында 2,8 млн тонна бензин, 3,3 млн тонна дизель отыны өндірілді. Павлодар, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары өндірілген бензиннің 99 пайызын, дизель отынының 97 пайызын шығарып отыр.

Павлодар зауыты — 1,2 млн, Атырау зауыты — 1 млн тоннадан астам, Шымкент зауыты — 1 млн тонна дизель өндірді. Ал Шымкент зауыты — 1,2 млн, Павлодар зауыты — 875,3 мың, Атырау зауыты — 696,5 мың тонна бензин шығарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.