Қар, көктайғақ, боран: Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

0
1865

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық процестердің тез ауысуы Қазақстандағы ауа райының бұзылуына алып келеді. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағына үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды, алайда оның артынан антициклон келеді. Дегенмен, 19 қазанда кезекті циклон мен арктикалық фронттар оны ығыстырады.

Сондықтан көптеген облыстарда бұлтты және жауын-шашынды (жаңбыр, қар) ауа райы күтіледі. Солтүстік облыстарда көктайғақ болады, солтүстік-батыстан қатты жел соғады. Соған байланысты боран соғуы мүмкін.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here