Ақмола облысында жел және күн электр стансалары салынып жатыр

0 4

Биыл Ақмола облысының Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр стансасын салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңін (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«2019 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр стансасын салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңі (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады. Екінші кезеңде қуаттылықты 100 МВт дейін арттыру қарастырылған. Сонымен бірге, компанияның үшінші кезеңде қуаттылықты екі есеге арттыру жоспарында бар», — деп жазды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев өзінің Іnstagram парақшасында.

Сонымен бірге, оның айтуынша, 2020 жылы Целиноград ауданында «KB Enterprises» ЖШС (қуаты 100 МВт) күн электр стансасын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі 53,3 миллиард теңге және ол шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні аумағы 300 гектар жер телімі бөлініп, жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.