Нұр-Сұлтанда ер адам аулада тұрған бірнеше көліктің әйнегін сындырған

0
20

Нұр-Сұлтанда ер адам үйінің жанында тұрған көліктердің әйнектерін сындырған, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

“Есіл” аудандық полиция қызметкерлері мас күйінде болып, бұзақылық ниетпен үйдің жанында тұрған бірнеше автокөліктің айнасын сындырған 32- жасар күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі таңда зақымдалған автокөліктің екі иесі арыз жазған.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (“Бұзақылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, ұсталған адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here