Елорданың сусыз қалған үйлеріне 70 мың литр ауыз су жеткізілді

0
4

Елордада су жүйесін қалпына келтіру үшін 2 бригада жұмыс істеді.

«Жұмыс таңғы сағат 6-дан бастап жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қиындықтар бар, себебі түске қарай тағы басқа жерден дәнекерленген бөлігі ажырап кетті. Су жүйесін қалпына келтіру үшін құрамында 12 адамнан тұратын 2 бригада жұмыс істеуде. Сонымен қатар, оқиға орнында мекеме басшылығымен қатар, әкімдік өкілдері қадағалауда», — деп хабарлайды «Астана Су Арнасы».

Мекеме берген мәліметке сүйенсек, бүгінде тұрғын үйлерге арнайы көлікпен су жеткізілуде.

«Су тасып жүрген көліктерді көп адам көрмей қалуы мүмкін. Себебі, су тасымалдайтын көліктер суды толтырып алу үшін ары-бері жиі қатынайды. Ауыз су толтырып алатын станция Тілендиев пен Күйші Дина көшелерінің қиылысында орналасқан. Осыған дейін жалпы көлемі 70 мың литр су тартылды. Тұрғындардан түсіністікпен қарауын сұраймыз», — делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here