ҚР Президенті: Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды

0
12

Иран билігінің іуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы. Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы мәлім болды.

Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады. Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды. Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады.

Ал кеше Иран Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеді.

Иран Президенті Хасан Роухани Украина ұшағының құлауына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылатынын айтты.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here