2025 жылға қарай пошта жөнелтімдерін реттейтін орталықтар саны жиырмаға жуықтайды

0
5

2025 жылға қарай пошта жөнелтімдерін реттейтін фулфилмент-орталықтарының саны жиырмаға жуықтайды деп хабарлайды “ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында күн сайын 350 мыңнан астам пошта жөнелтімдерін өңдейтін 3 фулфилмент-орталық жұмыс істеуде. 2025 жылға қарай олардың саны 19-ға дейін өседі. Бұл пошта жөнелтімдері көлемін 82,8 млн данаға дейін ұлғайтуға және 1 000 астам интернет-дүкендердің қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар тауар өткізу инфрақұрылымды құру аясында агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары желісін цифрландыру жоспарланып отыр. Мәселен, олардың негізінде фермерлер мен көтерме сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңдары құрылады. Ақпараттық жүйе бізге тауар ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді және теңдестірілген өңіраралық ағындарды қамтамасыз етеді», – деді Бақыт Сұлтанов.

Министр еліміздің географиялық оңтайлы орналасуына байлансты трансшекаралық сауданы дамытуға зор әлеует бар екенін айтты.

«Бүгінгі күні Қытайдан көрші Ресей мен Еуропалық одақ елдеріне транзиттік әлеует шамамен, тиісінше 26 және 76 млрд долларға бағаланады. Болжамдық деректер бойынша, бұл көрсеткіштер 2025 жылға қарай, тиісінше 78 және 198 млрд долларды құрайды. Бұл жылына шамамен 4,5 млрд жөнелтім. Өткен жылы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағында құрылған бондты қойма арқылы Қытайдан Ресейге және Еуропалық одақ жөнелтімдердің транзиті жолға қойылған. Ол арқылы 5 трлн 9 млрд теңгеге 147 мың тонна тауар тасымалданады деп күтілуде» , – деді ол.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here