Алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады

0 2

Қазгидромет 5-7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық ауа ағындары қар, боран алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарына циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның кездесуі кезінде жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын күтіледі. Суық ауа ағындарынан кейін, Гренланд теңізінен арктикалық ауада қалыптасқан күшті антициклон келеді, ол республиканың көптеген облыстарында күннің суытуына әкеп соғады», — делінген хабарламада.

Тек батыс облыстарында ғана Қара теңізден жылы ауа массасының таралуымен температураның көтерілуі күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.