8 наурызда ауа райы қандай болады

0 0

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе қар жауады. Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон, қалған аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа ағымдары жылжығандықтан күн жылынады», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.