Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертіледі

0 0

Көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлім етті, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Халыққа қолайлы ету мақсатында көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру қарастырылып отыр. Қазір салық жыл соңына дейін төленеді. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылады», — деді вице-министр салық салу мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін шегеру қарастырылмаған. Осы орайда шегерімді қолдану және қосарланған салық салуды жою тәртібін нақтылау қажет.

Вице-министрдің атап өтуінше, науқастарды демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен емдеуге жатқызу кезінде науқастарды алып жүретін адамның жол жүру және қоныстануы да осы қаражат есебінен төленеді. Осыған байланысты, науқастарды да, науқастарды алып жүретін адамды да жеке табыс салығынан босату ұсынылады.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда банктердің несиелерді кешіруі кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Енді ипотекалық ұйымдар үшін де осындай шаралар көзделіп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.