Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген

0 0

Коронавирустан емделіп, жазылған 2 адам Алматы тұрғындары болып шықты.

Бұл ақпаратты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. «Коронавирустан Алматыда екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығады», — деді баспасөз қызметінен.

Бұған дейін, бұл індеттен Қазақстанда 2 адам емделіп, жазылғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын.

Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.