Алматыда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды, науқастар саны 120-ға жетті

0 0

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы 7 адам анықталды, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

«27 наурыз сағат 07.50-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында — 60 адам, Алматы қаласында – 47, Қарағанды облысында — 4, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында — 3, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Ақмола облысында — 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді», — делінген ақпаратта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.