Президент нақтыланған республикалық бюджет туралы Жарлыққа қол қойды

0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды  «ZhambylNews”  АА Ақордаға сілтеме жасап.

Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.