Президенттік қолдау: Жамбылда табысынан айырылған 268 мың адам 42 500 теңгеден алды

0 0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында 77 130 адамға құны 5567 теңгені құрайтын азық-түлік жиынтығы берілді, деп хабарлайды «ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жалпы өңірде бұл бағытқа 429 миллион теңге жұмсалған. Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев баяндады.

«Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде, мемлекеттік комиссия отырыстарында халықтың әлеуметтік әлеуетіне басты назар аударып келеді. Осыған орай, облыс аумағында тұрғындарды әлеуметтік қолдау бойынша кешенді көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған тұлғаларға тағайындалатын 42 500 теңге барлығы 268 882 азаматқа төленді. Тек осы бағытта 11,4 млрд теңге жұмсалып отыр»,-деді ол.

Спикер Президент тапсырмасына сәйкес облыстағы 77 130 адамға құны 5567 теңгені құрайтын 429 млн теңгенің азық-түлік жиынтығы төленгеніне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, облыстық экономикалық тергеу департаменті тарапынан тәркіленген, құны 546,5 млн теңгені құрайтын 530 мың дана киім-кешек коммуналдық меншікке алынып, мұқтаж және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.