Наурызда халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 109 мың теңге болды — статистика

0 1

2020 жылдың наурызында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 109 376 теңге болды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы наурыздағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109 376 теңгені (алдын ала деректер) құрады. Бұл 2019 жылғы наурызға қарағанда 12,7 пайыз жоғары. Нақты ақшалай табыс аталған кезеңде 5,9 пайызға артты», — деп атап өтеді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 195 935 теңгені құрады.

Ал Халықаралық еңбек ұйымы әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы I тоқсанда 442,4 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызы. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы сәуірдің соңында 155,5 мың адам немесе жұмыс күшінің 1,7 пайызы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.