Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты

0 4

Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, — деп хабарлайды  «ZhambylNews” АА   ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтар –7706,7 мың адам», — делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.