Мәдина Жүнісбекова Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

0 7

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылды, —  деп хабарлайды  “ZhambylNews”  АА  primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Коммерциялық секторда, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеді. Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына 2018 жылғы сәуір айында тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.