Алексей Цой: Шымкенттік реабилитолог Айна Бакеевамен 40 минуттай сөйлестім

0 1

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президенттің атына жолдаған видеосы әлеуметтік желіде біршама резонанс тудырған шымкенттік реабилитолог Айна Бакеевамен сөйлескенін айтты, — деп хабарлайды  “ZhambylNews” АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ем-домның күрделі әдісі бойынша өтінім жасаған дәрігер Айна Бакееваның хабарламасына қатысты біршама сұрақ келіп түсті. Бүгін онымен байланысқа шығып, 40 минуттай сөйлестім. Негізгі проблеманы, дәрігердің нені жеткізгісі келгенін түсіндім. Ол әлеуметтік желілерде, тіпті медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша да ем-домның түр-түрі тарап кеткеніне алаңдаушылық білдіріп жатыр. Ем-дом түрлерін әлеуметтік желілерде көріп алған адамдардың да ойы сан-саққа кетеді. Ал кейбір препараттар керісінше, денсаулықты нашарлатады. Сұрақтарға жауап тапқысы келетін мыңдаған адам Айна Бакееваға жүгінеді екен», — дейді Алексей Цой бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол Денсаулық сақтау министрлігі халыққа арналған кеңестерді ресми бекіткенін мәлім етті.

«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мамандармен бекітілген нақты ресми кеңестерді әзірледі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына жарияланады. Әлеуметтік желілер арқылы да халыққа жеткізіледі. Ол да (дәрігер Айна Бакеева) ем-дом хаттамасын өз ресурстары арқылы азаматтарға жеткізетінін айтты», — деді министр.

Айта кетерлігі бұдан бұрын Айна Бакеева КВИ науқастарын емдеуге қатысты сын айтып, әлеуметтік желілерге видео жариялаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.