Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр

0 1

Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды, — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

«Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», — деп атап өткен ҚР Президенті.

Еске сала кетсек , Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов өткізген жедел штаб отырысында аудан эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін — Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Кұрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салу туралы хаттама қабылданған еді.

Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Көбейтұздың ластанып, ал ол жақтан тұздың тиеліп әкетілуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Экологтар судың сапасы тексеру үшін сынама алды.

Табиғатты қорғау үшін еріктілер тартылуда. Үш мобильді топ, жедел штаб және мобильді патруль құрылды. Олардың міндеті — қоршаған ортаның ластануын болдырмау.

Еске сала кетсек, полиция Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізушіні тауып, айыппұл салған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.