Қазақстанда күзде азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе

0 0

Қазақстанда күзде азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе? Бұл сұраққа Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы жауап берді, деп хабарлайды    “ZhambylNews” АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бізде жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша түсім жаман емес. Бұл ең алдымен – көкөніс пен жеміс-жидек. Фермерлерге ең алдымен ішкі нарықты толтыру мен ел ішінде арзан бағаға сату туралы қарсы міндеттемелерді жүктей отырып, біз азық-түлік тауарларын арзандатуға қол жеткіземіз. Сонымен бірге айналмалы схема, сауда желілеріне қарсы міндеттемелерді жүктеу, логистиканы оңтайландыру секілді шаралар азық-түлік бағасын арзандатуға айтарлықтай сеп болады», — деді Азамат Асқарұлы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бері елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5,7 пайызға қымбаттаған.

«Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,1 немесе 7 пайызға дейін қымбаттаған кездер болған. Карантин уақытында шекті бағаларды бекіту арқылы біз бағаны ұстап қалдық. Әлбетте бұл – нарықтық шаралар емес. Карантиннен кейін шекті бағаларды алып тастадық. Алайда жергілікті орындарда азық-түлік бағасын реттеу әкімдіктердің құзіреті екенін еске салғым келеді. Егер күзде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өссе – Сауда және интеграция министрлігі шекті бағаларды қоюға дайын. Бірақ ең бастысы – азық-түліктің қазіргі көлемі жеткілікті. Сондықтан біз бағаның өсуін 6-7 пайыздық деңгейде күтіп отырмыз», — деді Азамат Асқарұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.