Үкімет оқушыларға пайдалану үшін 500 мың компьютер береді

0 0

Премьер-Министр Асқар Мамин жаңа оқу жылына қатысты министрліктерге тапсырма жүктеді, — деп хабарлайды “ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты бұдан да жандандыру керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек», — деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютерді беруді қамтамасыз етеді.

«Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын», — деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылатынын айтты.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында колледж студенттерінің білім алу тәртібін түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.