ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандармен онлайн-кездесу өтті

0 1

Тараздағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен әлеуметтік бейімдеу және оларға құқықтық көмек көрсету мәселесі басты назарда. Осыған орай ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандармен онлайн-кездесу өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Онда жаза мерзімінің аяқталуына 1 жыл қалған, сондай-ақ шарты түрде мерзімінен бұрын босату, неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру уақытысы келгендер жергілікті атқарушы орган өкілдерімен байланысқа шықты. «Skype» арқылы өткен сұхбат барысында әлеуметтік бейімдеу, жұмыспен қамту, жаңа мамандықты игеру, кәсіп ашу, үкімет тарапынан берілетін мүмкіндіктер мен жеңілдіктер сынды сауалдар талқыға түсті. Мәселен Е.Досжанов өзіне кесілген жазасын басым бөлігін өтеді. Қателігін түйсініп, өзін жақсы жағынан көрсете білді.

Бір жылдан соң шарты түрде мерзімінен босап қалуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап бостандыққа шыққаннан кейінгі өмір сүру салты, қоғамға сіңісу, бейімделу жағын  жоспарлауда. Түрмеде ағаш бұйымдарын жасауды меңгерген азамат жеке кәсіп ашу ниеті бар.

Жұмыспен қамту орталығының маманымен тілдесу барысында көкейкесті сұрақтарын қойып, оңтайлы жолдары айтылды. Осы сынды өзге де сотталғандармен жеке-жеке сұхбаттасып, арнайы мамандар жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.