Абай портреті бейнеленген алып пазл құрастырылды

0 0

Ресей астанасы – Мәскеу қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні аталып өтті. 175 жылдық мерейтой аясында Абайдың портреті бейнеленген алып пазл құрастырылды  , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Пазлды «Жамбыл дарыны» орталығындағы және Нұр-Сұлтандағы ЮНЕСКО мектебінің балалары әзірлеген. Иллюстрацияны құруға барлығы екі жүзге жуық сурет іріктеліп алынған. Әрқайсысында ақын шығармаларының сюжеті бейнеленген.

Айта кету керек, облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы аталған акцияның ұйымдастырушыларының құрамында болып, Абай мерейтойының көрші елде тойлануына ықпал етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.