Синоптиктер 13 өңірге ескерту жариялады

0 0

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Көкшетауда кей уақытта найзағай ойнайды.

17 және 18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін артады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай күтіледі.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні – 18 м/с.

17 және 18 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Тараз қаласында 17 және 18 тамыз күндері кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде Орал қаласында найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 18 метрге артады.

17 және 18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауып, тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі аймақтың оңтүстігінде сақталады. Түнде Қарағанды қаласында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жезқазған қаласында 17 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғып, бұршақ жауатыны күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркіресе, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Қызылорда облысында батыс, солтүстік-батыстан кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Найзағай кезінде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл соғыпғ бұршақжаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда күн күркірейді. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғатын жел болжанады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.