42 500 теңгені төлеу жалғаса ма

0 2

ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов жұмысы уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындардың қызметкерлеріне қолдау жасауға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында біраздан бері жұмысы уақытша шектелген кинотеатр, караоке, бассейн қызметкерлеріне қолдау жасау мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

Өз кезегінде вице-министр С. Шапкенов 45,2 мың теңге сомасындағы төлем төтенше жағдай мен карантин кезінде төленгенін еске салды.

— Бүгінде қалғандары бойынша карантин режимін жеңілдету жүріп жатыр. Кәсіпкерлердің кейбір бөлігі жеңілдетілген тәртіпте жұмысын бастайды. Менің білуімше, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, күрделі жағдайға тап болған кәсіпорындарға қолдау жасауды қарастырады. Сондықтан 42 500 теңгені төлеуді жалғастыру ескерілмеген, — деді ол.

Осы орайда ол қазіргі кезде жұмысы уақытша шектелген кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары пысықталып жатқанын нақтылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.