Тоқаев үкіметке бірқатар тапсырма берді

0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі  Ақордаға сілтеме жасап.

Премьер-министр мемлекет басшысына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.

Мамин Тоқаевқа тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Президент кездесу қорытындысы бойынша үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.