Асхат Аймағамбетов ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесін жаңартуға уәде берді

0 0

Ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесі жаңартылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Бүгінгі күні шағын жинақталған немесе шалғайдағы мектептеріміздің білім беру сапасы төмен. Соның ең басты проблемасының бірі — бұл, әрине, ұстаздардың, мамандардың жетіспеушілігі. Мысалы, көп мектепте бір мұғалім 4-5 пәннен береді. Сондықтан сапа мәселесі өте маңызды болып тұратындығы белгілі. Бұл проблеманы шешу үшін ауылдық мектептерді қаржыландыру, ауылдық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізу қажет, — деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Оның атап өтуінше, министрлік бұл түйткілді шешу үшін нақты жұмыстарды қолға алған.

— Қазір ауылдық мектептерде жұмыс істейтін ұстаздарға жалақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша жұмысты бастап жатырмыз. Биылғы оқу жылында осы жұмысты аяқтаймыз деп санаймын, — деді Асхат Аймағамбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.