Қазақстанның екі облысына блок-бекеттер қойылды

0 0

Қазақстанның екі облысында блок бекеттер мен санитарлық бекеттер орнатылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме берген zhambylnews.kz ақпараттық порталы.

«Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес екі өңірде 4 блокбекет және 2 санитарлық бекет қойылды. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері 299 карантиндік нысанды бақылайды»,- деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Министрліктің ақпараты бойынша блок бекеттер Атырау облысында, ал санитарлық бекеттер Ақтөбе облысында қойылған. 

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары медициналық мекемелердің сұрауымен науқаспен байланыста болған адамдардың мекенжайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Республикада карантин шараларын қамтамасыз етуге күн сайын 10 мыңға жуық полицей, Ұлттық ұлан әскерилері және шамамен 1000 ерікті жұмылдырылады.

5 шілдеден бері денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер 50 мыңнан аса рейд өткізген.

Карантинді бұзудың 28 мыңнан астам фактісі анықталып, жолы кесілді.

Заңбұзушылықтардың дені Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жасалған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.