Алматы облысының әкімі «Үздік мұғалімге» автокөлік кілтін табыстады

0 3

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ұстаздар қауымымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме берген zhambylnews.kz.

Салтанатты шарада Баталов облыс педагогтарының жетістіктерін атап өтіп, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды.

«Жылдың үздік мұғалімі» номинациясының жеңімпазы Ақсу ауданы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қаймұханов Асыл Қайырбекұлына автокөлік кілті табысталды.

Айта кету керек, білім беру саласын қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 114 млрд теңгеге артып, 320,9 млрд теңгені құрады.

Ал білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5 миллиард 70 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, бөлінген ауылдардан балаларды тасымалдау үшін 71 автобус сатып алынды, ал облыс аумағында 32 білім беру нысаны, оның ішінде 23 мектеп салынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.