Қазақстанда шерифтер моделін енгізу жоспарланып отыр

0 1

Қазақстанда АҚШ, Ұлыбритания және Канадада кеңінен таралған шерифтер моделін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков онлайн-брифингте айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

«Біз АҚШ, Ұлыбритания және Канадада кеңінен таралған шерифтер моделін үйренуді жоспарлап отырмыз. Бізге АҚШ елшілігі (Қазақстандағы) көмектесуге дайын», — деді Сайтбеков.

Сонымен қатар департамент бастығы «Полиция жақын жерде» принципінің мәнін түсіндірді.

«Полиция жақын жерде» принципін енгізу бойынша айтар болсақ, барлық полиция көшеге шығуы керек деген сөз емес. Бұл принциптің мәні — полиция қажет болған жағдайда келеді. Шартты түрде мұндай үш орын бар: қауіпсіз орын — мұндай жерде полицияның жүруі қажет емес, ол тек керек болған жағдайда келеді; екіншісі — ішінара қауіпсіздік, адамдар көп жиналатын уақытта, яғни белгілі бір уақытта полиция қажет болады; үшіншісі — қауіпсіз орындар, мұндай орындарда полиция үнемі жүруі керек. Министрлік кейін елді мекендердегі аса криминил учаскелерде полициялардың патрульдеу маршрутына өзгеріс енгізу үшін талдау жүргізеді. Тәулік бойы модуль бекетін орнату жоспарланып отыр», — деді Айдар Сайтбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.