Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалатын болады

0 0

Қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерінің бәрін қосқанда 11 күн демалады, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні 16- 17 желтоқсан күндері ресми түрде аталып өтіледі. Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан күн қосылып, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады. 18-і күні демалыс болғандықтан 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де жұмыс күні болып бекітілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.