Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті

0 3

Қазақстан Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанға гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Тәжікстанға оның құрамына өкпені жасанды желдету және оттегі ингаляциясы бар «Кокчетав-4П» 100 портативті аппараттарын тапсырды. Гуманитарлық көмекті Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозода қабылдады.

Елші өз сөзінде Тәжікстан – Қазақстанның сенімді серіктесі және одақтасы, достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық ынтымақтастық пен екі бауырлас ел арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде гуманитарлық өлшемде де қарқынды дамып, нығайып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Д. Абдуллозода тәжік тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.