XXI ғасырдың 21-ші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ — Мемлекет басшысы

0 5

XXI ғасырдың 21-ші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

«Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың көппартиялы болуы, жаңа құрамы қоғамдағы саяси бәсекенің арта түскендігін көрсетті. Елбасы жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы өзінің көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін көздейтін басқа да партиялар сенім мандатына ие болды. Ел-жұртымыз егемендігіміздің 4-ші онжылдығына қадам басар тұста бұрын болмаған жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Біз ғана емес күллі дүниежүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолымен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда», — деді Прнзидент.

ҚР Президенті алда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайтынын баса айтты.

«Дегенмен, барлығымыздың ең басты міндетіміз — пандемияның салдарын еңсеру. 21-ғасырдың 21-ші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.