Қазақстанда «Жастардың даму индексі» енгізіледі

0
11

Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізген жөн. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

«Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру – негізгі міндеттің бірі. Үкімет 2020 жылы Жастарды қолдау жөнінде кешенді жоспар қабылдады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты ұлттық жоба, мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік қызмет туралы заңдар дайындалып жатыр. Депутаттар «жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде ресімдеуі керек.  Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады. Қайырымдылық қызметін жүйелі қолдау мәселесі де басты басымдық болып отыр. Бұл саладағы  ынталандыру шаралары қарапайым әрі нақты болуы керек. Соған сәйкес қайырымдылық шараларына және волонтерлік жобаларға атсалысатын бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға түрлі жеңілдіктер берілуге тиіс” — деді Мемлекет басшысы.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here