Вице-министр балаларды мектепте оқыту туралы шешім қабылданғанын жоққа шығарды

0
1111

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы Бас санитарлық дәрігердің шешімі шықпай тұрып қабылданған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Орталық коммункиациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова журналистің сұрағына берген жауабында осылай деді.

«Ең алдымен тәртіп бойынша бұл мәселе Үкіметтегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады. Бас санитарлық дәрігердің шешімі 27 ақпанда қабылданды, содан кейін ғана БҒМ тиісті ақпаратты, ұстанымдарды білім мекемелеріне жеткізді», — деді Ш.Каринова.

Сонымен қатар, спикер заң бойынша ведомство баланы мектепке баруға мәжбүрлей алмайтынын жеткізді. Алайда, жедел ақпараттарға сәйкес, ата-аналардың басым бөлігі балалардың мектепте оқығанын қалап отыр. Бұл ретте бала науқастанып қалса немесе КВИ жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған жағдайда, қашықтан білім алуға рұқсат етіледі.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here