Қазан айынан бастап жүкті әйелдер мен балаларға Pfizer вакцинасы салынады

0 12

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болатынын айтты. Ол қазақстандықтарға бұл екпені күтпей, басқа вакциналарды ала беруге кеңес берді. Бұл жайында Coronavirus2020.kz Telegram-каналындағы видеода жарияланды.

«Бастапқы кезеңде, қазан айында Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болады. Сондықтан бұл вакцинаның көп күтудің керегі жоқ, қазір барып екпе жасата берген жөн. Бір апта ішінде бізде тағы бір вакцина болады, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Осы орайда бұл вакцинаны да салдыру мүмкіндігі болады», — деді Алексей Цой.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын қолжетімді етуді тапсырды. Қазақстан «Pfizer» компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісім жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.