ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Қазақстандық қыз бірінші рет Арнольд Шварценеггер турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық қыз бірінші рет Арнольд Шварценеггер турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Ұлпан Нұрбекова бодибилдингтен Гонконгта өткен Arnold Classic Asia турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған tengrinews.kz.
© instagram.com
Алматылық бодибилдер қыз абсалют және фитнес-бикини категориясында барлық қарсыласынан басым болды. Оның қарсыластары Ресей, Оңтүстік Корея, Португалия, Австралия және Үндістан елдерінен болған.
Arnold Classic Asia атақты осы аттас байқаудың аясында өткен. Оның ұйымдастырушысы бұрынғы белгілі бодибилдер және актер Арнольд Шварцнеггер. 
Айта кетейік, Ұлпан Нұрбекова бодибилдингпен айналысқанына небәрі үш жыл болған. Спортшы қыз Қазақстан және Орта Азия чемпионы атақтарын жеңіп алған. Сонымен қатар, Азия және WBPF әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Нұрбекованың жаттықтырушысы Қайрат Сыздықов. 

Пікір: 0
Пікір қосу