Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша ой-пікір

0 2

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Тәуелсіз Қазақ елі мерейлі мемлекет, ұлысты ұлт ретінде қалыптасып, әлемдік өркениеттен өзінің лайықты орнын алды.

Бүгінде елімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді және рухани бағытымызды жаңаша жаңғыртуға арналған серпінді тірліктер атқарылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» бас газеттерінде жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихи маңызға ие болып, рухани құжатқа айналатыны сөзсіз.

Автор, Рухани жаңғырудың жалғасы ретінде жария етіп отырған тарихи маңызы зор, бұл мақаласына Ұлы дала өркениеті дамуының жеті құндылығын арқау еткен.

Мақалада, адамзат баласының дамуында зор мәдени жетістіктердің басым шоғыры, біз туып-өсіп, мекен етіп отырған кең байтақ өлкеде пайда болып, дүненің төрт бұрышына тарағаны туралы жазылған.

Әрине бұл, Ұлы дала төсінде Мәңгілік Елге айналуды мақсат тұтқан мемлекетіміздің мәдени даму тарихының тереңде жатқандығын тағы да растап отыр.

Тіпті, қазақтардың ұлттық тарихы біз пайымдап жүрген кезеңнен де көп әрі жатқаны, яғни, «қазақ» этнониміне дейін қалыптасқаны туралы айтылып, бұл туралы еуропацентристік теріс көзқарасты бұзатын бұлтартпас фактілерді көруді ұсынып отыр.

Өйткені, біз өзімізді ежелде Орта Азияның шексіз даласын мекендеген даңқты, қуатты тайпалардың ұрпағы ретінде санай аламыз.

Сонымен қатар, автор мақаласында еліміздің тарихына ауқымды көзқараспен қарап, өткеніміз бен бүгінгі күнді пайымдай келе, ұлттық құндылықтарымызды рухани дамуымыздың бағдар шамы ретінде, тағы да айқындап беріп отыр.

Бүгінде, цифрлы технологиялар әлемі сәт сайын жаңғыруда.

Барша қазақстандықтарға алдында, ел болашағы үшін, жалпыұлттық бағдарламаға айналып отырған Рухани даму арқылы, Ұлы дала мәдениетінің көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында тү-сінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету және оны жаңғырту міндеті ұсынылып отыр.

Бүгінгі қазақ ұрпағы осы тарихи деректер мен шындықтарды бойына сіңіріп қана қоймай, оның әр бөлшегін қастерлеуі, бағалауы, мақтан тұтуы керек деп ойлаймын.

Біз еліміздің Мәңгілік елге айналып, әрдайым өркениет көшінің басында жүруіне аянбай қызмет етуіміз қажет!

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.