«Өңірлік дамыту бағдарламасын халықтық бағдарламаға айналдыруға күш саламыз»

0 1
«Жаңадан жасақталған облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясында өңірлік дамыту бағдарламасы бекітілді.  Партияішілік іріктеу мен сайлау алдындағы сайлаушылармен кездесуде көтерілген мәселелерді шешу жолдары қамтылған бағдарламаны халық игілігіне айналдыру үшін облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттары бар күшін салуға әзір»– дейді облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Омаров.

Облыстық мәслихат депутатының айтуынша бағдарламаны шын мәнінде халықтық бағдарлама деп атаудың да өзіндік себептері бар көрінеді.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында біз облыстың барлық елді мекендерін аралап шықтық. Облыс, аудан орталығынан шалғай елді-мекендер де назарымыздан тыс қалмады. Кандидатретінде біздің кездесуіміз халықтың түрлісанатымен жүргізілді. Біз еңбек ұжымдарында, жастармен, зейнеткерлермен, қарапайым ауыл тұрғындарымен кездестік. Әлбетте бұл кездесудің мақсаты тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді тыңдау болды. Осы мәселелер арқылысайлаудан кейін халықтың тұрмыс сапасын жетілдірудегі басты басымдықтар айқындалды. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы да жүйеленіп,  партияның Орталық аппаратына жіберілді. Ондағы жан-жақты талдау нәтижесінде сайлаушылар көтерген мәселелердің дені өңірлік дамытудың 5 жылдық бағдарламасына енгізілді.

Қазіргі таңда сайлаушылардың бұл бағдарламаның басты мақсаты қызықтырады. Аты айтып тұрғандай бағдарлама өңірлерді дамытуды мақсат етеді. Бағдарлама ауыз сумен, табиғи газбен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, жастарды жұмыспен қамту сияқты өзекті мәселелерді шешудің нақты жолдарын қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда мен өңірлік дамытудың 5 жылдық бағдарламасын халықтық бағдарламаға айналдыруға болады деп санаймын.  

Облыстық қан орталғының директоры ретінде мені өңірлік дамыту бағдарлама аясында облыс медицинасын барлық тұрғыдан бәсекеге қабілетті ету, шетелдік озық тәжірибесін енгізуді дұрыс бастама деп санаймын. Сол арқылы біз өңірдегі денсаулық сақтау саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатындығына сенімдімін, – дейді Г.Мұхтарұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.