Тәтті сусын баланың ойлау қабілетін нашарлатады

0 3

Тәтті, газдалған сусын баланың есептеу, есеп шығару қабілетін төмендетеді. Бұған бұл салада жүргізілген алғашқы ірі зерттеу дәлел болды. Жарияланым Health Economics басылымында жарыққа шықты. 

Зерттеуді Бельгия ғалымдары жүргізген. Ғалымдар мектеп жасына дейінгі 462 баланы алып, екі топқа бөлген екен. Біріншісіне қанты бар тәтті сусындарды берсе, екіншісіне өндірістік тәтті заттар қосылған сусындарды берген.

Аталған сусынды ішкен балалардың алғашында «көңіл-күйі жақсарып», босаңсығандай күй кешкенімен, кейін оқуға деген ынтасы азайып, мазасыз күйге түскен. Әсіресе, ұл баланың мазасы қашқаны көбірек байқалған.

Тәтті сусынды ішуден баланың ойлау және математика есептерін шешу сынды қабілеттері де нашарлағаны байқалған. Бірақ бұл жерде ұл баланың ғана немесе қыз баланың ғана зейіні көбірек нашарлады деуге келмейді. Баланың жалпы зейіні төмен түскені байқалады.

«Біздің бұл зерттеуіміз — баланың зейіні мен тәтті сусын арасындағы кері байланыстың барын анықтаған алғашқы ірі зерттеу», — деп атап өтті Левен католик университетінің философия ғылымдары докторы, зерттеу авторы Фриц Шильтц.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.