Ішті кетіру үшін…

0 16

Көпшіліктің жаттығу залына баруға уақыты немесе мүмкіндігі болмағандықтан, артық салмақтан үйде арылғысы келеді. Адамдар арасында жиі кездесетін проблема — іштің шығып тұруы. Дұрыс арықтау үшін шыдамдылық керек, себебі ол жылдам нәтиже беретін процесс емес. Егер қатаң диеталар ұстағанды ұнатпасаңыз және жаттығу залына баруға уақытыңыз болмаса, төмендегі қарапайым кеңестерге көз жүгіртіңіз.

1. Күнде тамаққа зәйтүн майын қосыңыз
Зәйтүн майы — ежелден бері емдік және косметикалық құралдың бірі. Ол жүрек-қан тамырлар ауруларымен күреседі, асқорытуды жақсартады және ағзадағы pH деңгейін қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ ол күшті антиоксидантқа жатады және іш кебуі мен ішектер проблемасының алдын алады.

2. Күйзелістен аулақ болыңыз
Асқазан — екінші ми. Бұл жерге қысым, ашу және хандра жиналады. Ал күйзеліс бар жерде тамақты қорыту проблемалары мен іш кебу де болады. Күйзеліске ұшырамас үшін йогамен айналысыңыз немесе медитация жасаңыз.

3. Тамаққа дәмдеуіштер қосыңыз
Адам денесі мен денсаулығына тұз зиян, алайда дәмдеуіштер, керісінше, пайдалы. Олар дене температурасын көтеру арқылы аурулармен күреседі және калорияны жағады. Бірақ дәмдеуіштерді өте көп қолданбаңыз, қай затты болса да мөлшермен пайдаланған дұрыс екенін ұмытпаңыз. Сондай-ақ майлы тамаққа бұрыш қосып жегеннен пайда болмайтынын түсініңіз. Пайдалы тамақтар дайындап, оларға шымшым қара бұрыш немесе куркума қосыңыз.

4. Шынтақ тіреп төрттағандап (планка) тұрыңыз
30 күн қатарынан шынтақ тіреп төрттағандап тұрып көрсеңіз, бірден нәтиже байқайсыз. Бірінші күні 20 секунд тұрудан бастаңыз, содан соң біртіндеп уақытын ұзартасыз.

5. Күнде пайдалы майлар жеңіз
Авокадо, жаңғақтар және балық күнделікті мәзіріңіздің міндетті құрауышына кіруі керек. Бұл пайдалы майлы қышқылдарға бай өнімдер жиналып қалған «жаман» майларды кетіре алады.

6. Ішке массаж жасаңыз
Іш массажы асқорытуға, қан айналымға және іш кебуді кетіруге пайдалы. Ол үшін еденге жатып, ішіңізді жай басып, сағат тілімен үлкен дөңгелектер жасау арқылы сипаңыз.

7. Кілегей, майонез және дайын тұздықтар жемеңіз
Сүйікті тамақтарыңызды дайындау кезінде зиянды майлардан аулақ болыңыз. Майонезді йогуртпен, ал кілегейді өсімдік майымен ауыстырыңыз. Салаттарды дайын тұздықтармен емес, лимон шырынымен араластырыңыз.

8. Күніне кем дегенде 1,5 литр су ішіңіз
Су лимфа жүйесін ынталандырады және метаболизді жақсартады. Сондай-ақ бірдеңе жегіңіз келген сайын алдымен бір стақан су ішіңіз. Себебі адам көбіне шөлдегенде қарны ашқандай сезімде болады.

9. Дұрыс тыныс алуды үйреніңіз
Дұрыс демалу мен тыныс алу жаттығулары іш пресін нығайтады, асқорытуға көмектеседі және күйзелісті түсіреді. Адам босаңсыған кезде терең әрі баяу тыныс алады. Ал күйзеліс кезінде диафрагма қысылып, оттекті аз алады, соның себебінен іш ауырады және іш кебеді.

10. Дене мүсінін бақылаңыз
Тік жүрмеу немесе отырмау және арқа проблемалары ішті шығарып көрсетуі мүмкін. Сондықтан дене мүсініне арналған қарапайым жаттығулар жасаңыз және үнемі иық, бас және мойын қалпын бақылаңыз.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.