Бүйрек қатерлі ісігінің 8 белгісі

0 7

Ұлыбританияда бүйрек қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында 7-орын алады. Ал Қазақстанда бұл ауру түрі 8-орында. Алғашқы белгілері оңайлықпен байқала бермейді. Сондықтан кей емделушілер дертінің емделу уақытын созып алады.

Бүйрек қатерлі ісігінен әлемде жыл сайын 250 мың адам ауырып, шамамен 100 мың адам қайтыс болады. Жуырда Англия денсаулық сақтау ұлттық жүйесі мен Cancer Reseach UK орталығы арнайы зерттеу жүргізіп, 8 белгісін атап көрсетті.

Бүйрек қатерлі ісігіне шалдыққан адамның қанша уақыт өмір сүретінін ешкім дөп басып айта алмайды. Ол оның ауру қай кезеңде екеніне байланысты, — дейді мақала авторлары.

Ең бірінші белгісі – қан сию (гематурия). Зәрдің қан аралас шығуы күшеюі немесе аздан күннен соң тоқтауы да мүмкін. Бұл жағдайда бірден дәрігерге көріну қажет.

Келесі белгісінің бірі – бүйірдің ісуі. Одан кейінгі симптомдары қатарына тәбет тартпауы, салмақ жоғалту, жоғары температура мен терлеу, әлсіздік, мазасыздық және арқадағы қабырға асты ауруы жатады.

Бұл 8 белгіден бөлек, осыған дейін анықталған симптомдар да бар. Олар аяқ ісінуі, қан аздық, артериялық қысымның себепсіз жоғарылауы және бүйрек тұсының сыздауы да дерттен хабар береді.

Бүйрек қатерлі ісігін анықтау да оңай емес. Көбінесе ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталып жатады. Тек тәжірибелі маман ғана ауруды ерте кезеңде анықтай алады.

Бұл дертті анықтау кезінде келесі зерттеу әдістері қолданылады:

— ультрадыбыстық зерттеу ісікті басқа өскіннен ажыратуға көмектеседі;
— рентген диагностикасы: рентгенография (оның ішінде бүйрек ангиографиясы, урография және т. б.);
— компьютерлік томография;
— қан мен зәрді зертханалық зерттеу;

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.