Ұмытшақсыз ба?

0 19

«Ұмытшақтық – ауру». Ол – өткен кезеңнің әңгімесі. Тіліңіздің ұшында тұрған адамның аты қажет кезінде аузыңызға түспей қала ма? Жаңа ғана қолыңызға ұстап тұрған нәрсенің қайда қалғанын білмейсіз бе? Ұсақ-түйек нәрселеріңізді жоғалтып ала бересіз бе? Миымыз бен санамызды техника толықтай жаулаған заманда екінің бірінен кездесетін бұл әдет таңғаларлық емес.

Осы тұста қызықты деректер келтіре кеткеніміз артық етпес. Жиі жоғалатын нәрселер ішінде көлік кілті мен үй кілті көш бастап тұр. Одан кейінгі кезекте – ұялы телефон, теледидар пульті. Әр адам мұндай заттарын іздеуге шамамен 20 минут жоғалтады екен. Жоғалған бұйымын іздеуге жіберетін барлық уақытты қоса есептегенде мөлшермен, 120 сағатты көрсеткен.

Қытай емі кез келген ауруды емдемес бұрын, туу себебін анықтайды. Сонда неден бас тарту керек, қалай айықтыру керек деген сұрақтар жауабы айдан анық болады.

Ұмытшақтыққа себепкерлер:

– Күйзеліс. Әрдайым абыржып, мазасызданып жүру.

– Әлеуметтік желілерді жиі пайдаланып, миды пайдасыз ақпаратпен толтыру.

– Уақытылы әрі жеткілікті ұйықтамау.

– Темекі, ішімдік тұтыну секілді зиянды әдеттер.

Қалай күреспек керек?

– Жоғарыда аталған себепшілерден алшақ болыңыз.

– Ұйқыңызды қандырып, миыңызды тынықтырыңыз.

– Естен шықпауы маңызды мәліметтерге келгенде, басқа істерге алаңдамай, ең қажетті нәрсені көңілге тоқыңыз.

– Жаныңызға үнемі қағаз бен қалам алып жүріңіз. Естіген-көрген мәліметіңізді жазып аласыз. Орындауыңыз керек істердің тізімін құрасыз.

– Ебіңіз болса, кесте тігу, тоқыма тоқу, моншақ тігу секілді істермен айналысыңыз.

– Спорт пен қалыпты өмір салты барлығын жақсартатынын есте ұстаңыз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.