Осы уақытқа дейін «жасанды сана» туралы ақпарат бердік. Оның адамзатқа әкелер үлкен өзгерісін де атап өттік. Ал анығында біз қашан жасанды санамен өмір сүреміз?  Жасанды сана туралы түсінік негізінен Дартмут коллежінің ғалымдары 1956 жылы ойлап тапқан деген пайым бар.

Соңғы жылдары компьютерлердің даму сатысы бірнеше кезеңнен өтті. Қазір олар адамның миынан да тез жұмыс жасайды. Сондықтан ғалымдардың «жасанды сана» туралы ойын жоққа шығаруға болмайды. Білікті бағдарлама жасаушы Алан Тьюринг жасанды сананың пайда болуы туралы ерте кезде айтқанын ескерсек, бәрі де қалыпты жағдай.  Дартмут ғалымдары өз кезегінде ұсыныс жасап хат жазды: «Біз бұл үрдіс бір емес бірнеше мәселеге келіп тірелуі мүмкін, егер іріктеліп алынған ғалымдар жаз бойына бірге жұмыс жасаса жауабын табуға болады» дейді. Бұл айтылып отырған ұсыныс әрине «жасанды сананы» зерттеуге арналған. Айтылған ой көп: адам миындағы нейрондардың жұмысын роботтар қайталай алуы мүмкін деген секілді.  Ғалымдар оптимистік көзқараста қарай отырып жетістікке жететіндерін болжайды. Олардың бағдарламалары адам тілін түсініп және алгебралық тапсырмаларды шешуі мүмкін. Адамдар алдағы 20 жыл ішінде жасанды сананың қалыптасатына сенеді.  2000 жылдарға қарай роботтар өздеріне «мен адаммын» деп түсінетін күйге жетеді деп есептелген. Бұл жайында Алан Тьюринг мәлімдейді. Бірақ қызығы қазір өмір сүріп жатқан адамдар жасанды сананың әлі де болсын тағы бір 20 жылдан кейін қалыптасатынын әлі айтып келеді.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here